Жаңалықтар

Терроризмді насихаттап, адам өлтіруге шақырды деген күдікпен 6 адам ұсталды

Қарашада Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті.

Тергеу болжамы бойынша олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан.

Тінту барысында атыс және суық қару, көптеген діни әдебиеттер тәркіленді.

Сот санкциясымен олар қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетері, бұған дейін терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жыл басынан бері ҰҚК террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұстады, 97-сі сотталды.

Back to top button