Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Threads желісінде қазақ тілі мен демократия принципі трендке айналды – журналист

Қазір әлеуметтік желідегі пікір қалыптастыруда Threads алдыңғы қатарға шықты.  Мұны журналист  Нұрмұхамед Байғараев айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат агенттігі. 

Желінің ерекшелігі – алгоритм көп постқа қаралым жинауды жеңілдетеді, ал басты назар жаңалықтан гөрі жеке пікірге ауысады. Threads-те аудитория назарын аудару үшін қымбат контент немесе таргет жарнама қажет емес, ұтымды ой жеткілікті.

«Threads қазіргі қоғамдағы нақты сұранысты көрсетіп отыр. Басты тренд – қазақша сөйлеу, қазақша жазу.

Желіде бұл ешкімнің атына қарамай талап етіліп, қоғамнан қолдау тауып отыр. Байланыстырылған Instagram интеграциясы арқылы көп қолданушы осы платформаға көшкенімен, Threads адамдарға өмірін салыстырудан гөрі қызықты пікір алмасу мүмкіндігін береді.

Осылайша, әлеуметтік желіде демократиялық принцип  нақты іске асып отыр», — деді ол Facebook парақшасында. 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button