Жаңалықтар
TikTok кәмелетке толмағандарға «cұлулық сүзгілерін» пайдалануға тыйым салады
Фото: ашық дереккөз
TikTok кәмелетке толмағандарға «cұлулық сүзгілерін» пайдалануға тыйым салады, деп жазды qandastar.kz
TikTok әлеуметтік желісі алдағы апталарда 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға түр-әлпетін жақсарту сүзгілерін пайдалануға тыйым салады. Бұл технологияның жасөспірімдердің психикасына және өзін-өзі бағалауға әсері туралы алаңдаушылықпен байланысты. Бұл туралы компания Дублиндегі штаб-пәтердегі қауіпсіздік форумында жариялады. Кәмелетке толмағандарға көз бен ерінді жасанды түрде үлкейтуге, сондай-ақ терінің өңін тегістеуге немесе өзгертуге тыйым салынады. Шектеулер Bold Glamour сияқты сүзгілерге қолданылады, бірақ мультфильмдегі қоянның құлағын немесе ит мұрнын қосатын сүзгілерге әсер етпейді.
atamekenbusiness_silkway хабарлағандай, TikTok сонымен қатар 13 жасқа толмаған пайдаланушыларды бұғаттау үшін алгоритмдерді күшейтетінін мәлімдеді. Жыл соңына дейін платформа жас шектеулерін айналып өтетін адамдарды анықтайтын жаңа жүйелерді сынауды бастайды.