Әлем жаңалықтары
«Тірі қалғаныма әлі сенбеймін»: Үндістанда ұшақ апатынан аман қалған жалғыз адам жағдайды баяндады

Фото: DD INDIA
Үндістанда әуежай маңында болған ұшақ апатынан аман қалған жалғыз жолаушы мән-жайды айтып берді, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлыбритания азаматы Вишвакумар Рамеш Air 12 маусымда India әуекомпаниясының AI171 рейсінде болған. Ахмадабадтан Лондонға ұшқан Boeing 787 лайнері әуеге көтерілген соң бірден апатқа ұшырап, құлаған. 40 жасар Рамештің орындығы – 11A, яғни апаттық есік маңында отырған. Оның Лестерде әйелі мен төрт жастағы ұлы бар екен.
«Белбеуімді шешкен кейін, аяғымды тірек тұрып, есік арқылы шығуға тырыстым», – дейді Рамеш.
Air India компаниясының мәліметінше бортта болған 241 адам (229 жолаушы, 12 экипаж мүшесі) қаза болған. Апат құрбандары, негізінен, Үндістан (169) және Ұлыбритания азаматтары (52). Апат орнынан қазірге дейін 200-ден астам мәйіт табылған. Бірақ олардың нақты жолаушыларға немесе тұрғындарға тиесілі екені анықталмаған. Себебі әйе көлігі медициналық қызметкерлер мен студенттер тұратын жатақханаға құлаған.
Аман қалған жолаушы Рамештің айтуынша, ұшақ көтерілген соң шамамен бірнеше секундтан кейін ұшақ ішінде жарық сөніп, жанып тұрға.
«5–10 секунд ішінде ұшақ бір қалыпта тұрып қалғандай болды. Жарық жасыл-қызыл түске ауысып, содан кейін ұшақ ғимаратқа соғысып, жарылды», – дейді ол.
Ұшақ құлаған орын Байрамджи Джиджибхой атындағы жергілікті Азаматтық аурухананың қызметкерлері мен оған қарасты Медициналық колледждің студенттері тұратын жатақхана болған.
Рамештің орындығы ұшақтың ғимаратқа тимей, жерге құлаған фюзеляж бөлігінде орналасқан.
«Люк шыққанда, оның артында бос орын бар екенін көрдім. Мен сол жерден өттім. Фюзеляждың келесі жағындағы қабырға тұсында отырған адамның аман қалуға мүлде мүмкіндігі болмады. Ссебебі ұшақ дәл сол жағына қарай құлаған», – дейді ол.
Әлі күнге дейін апаттың нақты себебі айтылмады. Мамандар нақты не болғанын анықтауға мүмкіндік беретін «қара жәшіктің» табылғанын хабарлады.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан Рамештің жедел жәрдем көлігінің қасына өзі келгенін көруге болады.
«Өзімнің тірі қалғаныма әлі күнге дейін сенбеймін. Тіпті қирандының астынан өзім шықтым. Адамдардың, стюардессалар мен жанымдағы екі жолаушының өліп жатқанын өз көзіммен көрдім. Өлетін шығармын деп ойладым. Бірақ көзімді ашып, жанымдағыларды көргенде, тірі екенімді білдім», – дейді ол.
Рамештің дәрігері Дхавал Гамети оның «аздап қорқып қалғанын, денесінде көптеген жарақаттары барын», алайда жағдайының қалыпты екенін хабарлады. Британдық билік мәліметінше, дипломаттар көмек ұсыну үшін Рамешпен байланысқан.
Фото: DD INDIA
Вишвакумар Рамеш туралы не белгілі
Вишвакумар Рамеш Индияда туып, 2003 жылы Ұлыбританияға көшкен. Сол рейспен бірге оның ағасы Аджай да келген. Ағайынды Рамештер Үндістанға бірнеше ай демалысқа келген.
Туыс ағасы Хирен Кантилалдың сөзінше, жұма күні таңертең Рамеш отбасы мүшелерімен сөйлескен, «жаяу жүріп, сөйлей алатын жағдайға» едәуір жақсарған.
Британ сыртқы істер министрлігі «әуежайдағы британ азаматтарының отбасыларына консулдық қолдау көрсететінін айтты.
Апаттың салдары
Құлаған ұшақтағы жалғыз тірі қалған адам әлі де ауруханада. Үндістанның азаматтық авиация министрі Рам Мохан Наиду Кинджарапуоқиға орнынан қара жәшік табылғанын айтты.
Air India-ға қарайтын Tata Group компаниясы тексеру үшін Үндістанға Ұлыбритания және АҚШ сарапшыларын жібергенін хабарлады.
Сонымен қатар ғимаратқа құлаған ұшақ салдарынан жатақханада тұратын 8 адам мерт болды. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың төртеуі медициналық колледж оқушысы, қалғандары сол жерде тұратын медициналық қызметкерлердің отбасылары.
13 маусымда Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди апат орнына барып, кейін ауруханаға зардап шеккендерді зиярат етті. Аурухана сыртында импровизацияланған шатырлы лагерь ашылған. Онда апат құрбандарының отбасы мен жақындары тұрып жатыр.
Жергілікті полиция өкілі кейбір құрбандардың ДНҚ арқылы ғана анықталатынын айтты. Қан тапсыру рәсімі жалғасып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы жазған едік. Ұшақ апатынан 241 адам көз жұмып, тек бір жолаушы тірі қалды.