Жаңалықтар

Тісін емдеп, қымбат көлікті жалға алған: Перизат Қайрат қайырымдылыққа жиналған ақшаны қайда жұмсады

Фото: Іnstagram.com/01pk

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот процесі өтіп жатыр. Прокурор сотта айыптау қорытындысын оқыды, деп жазды qandastar.kz

 Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотта 2021 жылғы 28 желтоқсанда Перизат Қайраттың оңалту орталығын саламыз деген желеумен жиналған қаражатты “Capital Rent a Car” компаниясы арқылы Toyota Camry маркалы автокөлікті жалға алғаны айтылды. Автокөлікті жалға алу құны 600 мың теңге болған, бұл сома ForteBank банкіндегі қоғамдық бірлестік шотынан төленген.

“2021 жылғы 31 желтоқсанда Перизат Қайрат анасы Ғайни Алашбаевамен бірге Астана әуежайынан Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен. Олар 2022 жылы 13 қаңтарға дейін сонда болған. Осы уақыт аралығында олар такси, мейрамхана және FlyDubai әуе компаниясының ұшақ билеттеріне 1 587 057 теңге жұмсаған. Бұл шығындардың бәрі қоғамдық бірлестіктің шотынан төленген. Тергеу барысында Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева алдын ала келісіп әрекет еткені анықталды. Олар оңалту орталығын саламыз деген желеумен жиналған ақшаны алдау және артылған сенімді теріс пайдалану арқылы иемденіп, жалпы сомасы 21 миллион 600 мың теңгені жымқырған», – деді прокурор Мадина Оразалина.

Айыптау актісінее сәйкес, Перизат Қайрат мүгедектігі бар балаларға көмектесу қоғамда аяныш сезімін тудырып, қаражат жинауға оң әсер ететінін түсінген соң, алаяқтық әрекетін жалғастыруды ұйғарған.

“Өзінің әрекетін шынайы етіп көрсету үшін, Перизат Қайрат әртүрлі ұйымдарға қайырымдылық көмек сұрап хаттар жолдап, компания басшыларымен кездесіп, қордың «тиімді» жұмысы туралы презентациялар өткізген. Осылайша, 2022 жылы ол келесі ұйымдарға жүгінген:

  • «Батыл Қазақстан» ЖШС-ға орталықты жөндеуге көмек сұрап – есепшотқа 1 млн теңге түскен;

  • «Тиджин Индастрис» ЖШС-ға мүмкіндігі шектеулі балалар делегациясын АҚШ-қа жіберуге демеушілік сұрап 2 млн теңге түскен;

  • «Magnum Cash&Carry» ЖШС-дан тағы 1 млн теңге аударылған;

  • «Эдель Жанабават» қоғамдық қорынан 2022 жылғы 26 шілдеде 3 млн теңге аударылған.

Алайда орталықты жөндеу немесе мүгедектігі бар балаларға қолдау көрсету бойынша ешқандай нақты іс-шаралар жүргізілмеген. Барлық қаражат жеке қажеттіліктерге жұмсалған”, – деді прокурор айыптау актісін оқып жатып.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, 2023 жылдың жазында Перизат Қайрат Астанадағы гольф-клубта 30 тамызда өту керек болған Central Asia Fest атты жалған іс-шараны және “Алматы Арена” мұз кешенінде Алматы-Эне атты шара ұйымдастырған.

2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың қазанына дейін осы және басқа да іс-шараларды өткіземін деген желеумен Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева азаматтар мен ұйымдардан 105 144 750 теңге алған. Бұл қаражаттың барлығы жымқырылған болып шықты.

Оның ішінде:

  • 13 200 000 теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған;

  • 19 715 000 теңгені қор шоттарының арасында аударған;

  • 10 000 000 теңгені қордың басқа шотына аударған;

  • 18 160 000 теңгені басқа шоттарға қайта аударған;

  • 4 439 340 теңге 9 000 еуроны сатып алуға жұмсаған;

  • 43 576 985 теңге іс-шараларға, оның ішінде сахна жалдау, тұру және жеке қажеттіліктерге төлеген;

  • 21 182 426 теңгені жеке қажеттіліктеріне жұмсаған:

  • 9 859 426 теңгені жеке шоттарға аударған;

  • 11 324 000 теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған;

  • 3 299 000 теңгені “Anel Dent” стоматологиясында тіс емдеуге төлеген;

  • 4 692 100 теңгені үшінші тұлғалардың шоттарына аударған;

  • 13 600 000 теңге қолма-қол ақшаға айналдырған.

Ғайни Алашбаеваның заңды табыс көзі болмағанына қарамастан оның Kaspi банкіндегі жеке шотына Перизат Қайраттан 37 113 000 теңге қолма-қол және аударымдар арқылы ақша түскен. Бұл қаражаттар да жеке қажеттіліктерге жұмсалған.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close