Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов зейнетақы қорындағы ақшадан тіс емдеуді алып тасталғанына наразылығын білдірді, деп жазды qandastar.kz сайты Sputnik.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Депутаттың айтуынша, бүгінде тіс емдету қымбат, ал оны екінің бірінің қалтасы көтере бермейді.
Кейбір қаражаттың мақсатты пайдаланылмауынан қарапайым халық зардап шекпеуі тиіс. Құйтырқы әрекетке барғандарды нақты тауып жазалау керек, сайып келгенде бұл сол адамдардың өзінің ақшасы, – деді Мұрат Әбенов.
Депутат іс шешілмесе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тісті емдетуге рұқсат берілуі тиістігін айтты.



