Биші қыз әлеуметтік желідегі парақшасында оқиғаның видеосымен бөлісіп, қызу талқыға ұшырады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Айтуынша, тойда билеп жатқанда белгісіз ер адам қолын жұлқып, мейрамханадан шығарып жіберген.
Ол оқиғаның видеосымен де бөлісті.
Кадрдан биші қыздың мейрамханада қонақтар алдына шығып билей бастағанын, сол сәтте ер адамның қолынан тартып, сыртқа шығарғанын көруге болады.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Бірі ер адамды сынаса, өзгелері бишінің киімі мен биіне сын айтты.
«Өте дұрыс жасаған, елдің бәрі кет деу керек еді», «дұрыс жасапты» және «ол ата қазақ қызы деп намыстанғаны ғой» деп жазып жатыр олар.



