Жаңалықтар

Тойда күйеу жігіт қалыңдығына ақшадан жасалған кілем сыйлады

Коллаж: Ozgeris.info

Той нақты қай жерде өткені белгісіз. Бірақ Tik-Tok желісінде 5 млн қаралым жинап үлгерген той көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Qandastar.kz.

Онда күйеу жігіт қалыңдығына ақшадан жасалған кілем сыйлады. Тіпті ақшаға толы кілемді ресторанда жайып, қалыңдығының иығына жапқан. Желіде тараған видеоны көрген көпшілік түрлі пікір жазып жазуда.

«Өтірік ақша шығар деп ойлаймын», «Тойға ақша жеткізе алмай жатқанда дейсің ғой», «Тойын жасап жатқан әке-шешесіне жапса қайтеді екен!? Не үшін беріп жатыр, әрине, дарақы, астамшылық атын шығару», «Ысырапты Алла қолдамайды», «Қандай жиіркенішті», «Азғындық қой. Мақтанатын іс емес», «Қазақтарға ұқсамайды, қытай ұлты емес пе?», «Кредит алды ма екен қасқа бала», «Адамзаттың белгісі» десті әлеуметтік желі қолданушылары.

Ілмектер

Осы айдарда

Close