Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тойды бұзды: Сәтбаев қаласында бойжеткенді 5 жыл аңдыған күдікті ұсталды

Сәтбаевта бойжеткенді 5 жыл бойы аңдыған сталкер тойды бұзды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Сәтбаев қаласында 22 жастағы бойжеткенді бірнеше жыл бойы жүйелі түрде аңдып, психологиялық қысым көрсеткен ер адам қамауға алынды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті қыздың жеке өміріне интернет арқылы қасақана араласып, оның тағдырына тікелей әсер еткен.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол анонимді аккаунттар арқылы интимдік сипаттағы жалған фото және видеоматериалдар жасап, бойжеткенді ұзақ уақыт бойы бопсалап келген.

Кейін бұл материалдарды оның туыстарына, таныстарына жіберіп, әлеуметтік желілерде әдейі таратқан.

2023 жылы қыздың тұрмысқа шығатынын білген күдікті оның болашақ жары мен күйеу жігіттің отбасына ар-намысқа нұқсан келтіретін жалған видеолар жолдап, нәтижесінде үйлену тойы тоқтатылған.

Бұдан бөлек, ол интернетте жалған анкеталар жасап, отбасының, соның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргені анықталды.

Қазіргі таңда күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қаралуы мүмкін.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button