Тойдағы образдарын көрсеткен қонақтардың видеосы желіде тарап, қызу талқыға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Тойда асаба қонақтардың киімін көрсетіп, қанша тұратынын сұрайды.
Бір қонақтың айтуынша, тойға киіп келген образы 1 млн теңгеден асқан.
«Туфли бес жүз мың, сырға мен әшекей бұйым 240 мың, көйлек бес жүз мың теңге», — деді ол.
Желі қолданушылары мұндай ысырапшылдықты сынға алды.
Олар мұндай қомақты қаржыны бір күнде жұмсау ақылға сыйымсыз екенін жазып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



