Шоу бизнес

«Тойға дайындалып жатыр»: оқушылар құрастырған робот Қайрат Нұртастың әніне биледі (ВИДЕО)

Astana First Regional 2025 робототехника сайысында оқушылар әзірлеген робот Қайрат Нұртастың әніне билеп, көпшіліктің назарын ерекше өзіне аударды, деп жазады qandastar.kz.

Бұл видео әлеуметтік желілерде үлкен қаралым жинап, түрлі пікірлер жазылды.

Желі қолданушылары «әр елдің роботтары, сол елдің адамдарына ұқсайды» деп қалжыңдады.

«Басқалардың роботы жұмыс істейді, ал біздікі тойға дайындалып жатқан сияқты ғой»

«Ресейдің роботын айтсаңшы, екі-үш қадам жүріп құлап қалды»

«Құдалыққа апаруға жақсы екен»

«Біздің дамуымыздың ерекшелігі бірден байқалады, иә?»

«Роботтар да өз елдеріне ұқсай ма екен? Біздікі — би мен той, ал орыстардікі — ішіп алғандар сияқты», — деп жазды пікікрлерде.

@abdulhamit.kz @Қайрат Нұртас ♬ оригинальный звук — Абдулхамит

Ұқсас Мақалалар

Back to top button