Жаңалықтар

Тоқаев әскердегі әлімжеттікті қадағалауына алатынын айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты мәлімдеме жасады.  Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Newtimes_media Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекет басшысы әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, трайбализм мен жерлестікке мүлде жол берілмейтінін атап өтті.

«Әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, трайбализм мен жерлестікке орын болмауы тиіс және болмайды. Мұның бәрін жеке өзім бақылауда ұстаймын», — деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігін  сынға алды.

Алайда Мемлекет басшысы қайғылы оқиғалардың жүйелі сипатқа ие емес екенін айтып, жалпы алғанда Қазақстан армиясында тәртіп пен дисциплина сақталып отырғанын жеткізді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button