Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тоқаев балаларға зиянды тағамдардың жарнамасын шектеуді тапсырды

Президент балалардың фастфуд пен құрамында қант, тұз және майы көп тағамдарға әуестенуіне жарнаманың да ықпалы бар екенін айтты. Тоқаев Үкіметке балаларға бағытталған зиянды тағамдар жарнамасын шектеу мәселесін жан-жақты зерттеуді тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың фастфуд пен құрамында қанты, тұзы және майы көп тағамдарға әуестенуіне жарнаманың да ықпалы бар екенін айтты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының пікірінше, зиянды тағамдарды бақылаусыз жарнамалау халықтың денсаулығына кері әсер етіп, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені арттыруы мүмкін. Осыған байланысты ол Үкіметке балаларға бағытталған мұндай өнімдердің жарнамасын шектеу мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Тоқаев қазір дәрігерлердің бақылауында қант диабетімен ауыратын шамамен 7 мың бала бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш төмендемей, керісінше өсіп келеді.

Президент бірқатар елдерде құрамында май, қант және тұз мөлшері жоғары тағамдарды балаларға жарнамалауға тыйым салынатынын немесе шектеу қойылатынын айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бұл мәселені шешу оңай емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, мұнда медициналық және саяси тұрғыдан күрделі әрі пікірталас тудыратын тұстар бар. Сондықтан Үкімет шешім қабылдау кезінде ең алдымен балалардың денсаулығын ескеруі қажет.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button