БілімЖаңалықтар

Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада университет филиалының ашылуын қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейін айқын көрсеткіші деп бағалады. Ол бұл бастама гуманитарлық байланыстарды тереңдетіп, екі ел арасындағы зияткерлік серіктестіктің дамуына жол ашатынын атап өтті, деп жазады qandastar.kz

Кездесу барысында жасанды интеллектіні дамыту, ғылым мен білім саласындағы өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ кәсіби қытайтанушы-лингвист мамандар даярлау мәселелері қаралды.

Өз кезегінде  Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті   Дуань Пэн қолданбалы лингвистика мен цифрлық оқыту бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың болашағы туралы сөз қозғады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button