Әлеумет және қоғамСаясат

Тоқаев Boeing басшысымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing өкілімен кездесіп, Қазақстанға жаңа ұшақтар жеткізу мәселесін талқылады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккимен кездесті деп хабарлайды qandastar.kz stan.kz порталына сілтеме жасап

“Отандық Air Astana, SСAT және Vietjet Qazaqstan компаниялары еліміздегі авиация саласын дамытуда ерекше маңызға ие ортақ жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүдделі”, – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Кездесу барысында президент Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу жөніндегі келісімге қол қойылғанын құптады. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу мақсатында елімізге Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіледі.

Сонымен қатар, SCAT Airlines қосымша Boeing ұшақтарын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, америкалық корпорациямен серіктестік аясында Шымкент әуежайы базасында алғашқы техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығын ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Джефф Шокки компанияның цифрландыру бағытындағы бастамаларын таныстырып, Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, әуе жүк тасымалы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік мол.

Кездесу барысында авиация мамандарын даярлау және еліміздегі жүк тасымалдайтын әуе паркін кеңейту мәселелері де талқыланды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button