Жаңалықтар

Тоқаев БҰҰ сессиясында маңызды бастама көтерді

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясында әлем елдерін жаһандық экологиялық мәселелерге бірлесе қарсы тұруға шақырып, 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні ретінде жариялауды ұсынды, деп жазды qandastar.kz

Мемлекет басшысы соңғы жылдардағы климаттық өзгерістерге тоқталып, 2024 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық маусым болғанын еске салды. Оның айтуынша, Орталық Азиядағы температураның жоғарылауы әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары.

«Алатау мұздықтары тез ери бастады. Бұл миллиондаған халықтың су және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді», – деді Президент.

Сондай-ақ Тоқаев Қазақстанның Арал теңізі қасіретінен сабақ алғанын, солтүстік бөлігін сақтап қалу жолында халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Алайда, Каспий теңізінің тартылуы жаңа жаһандық экологиялық дағдарыстың белгісі екенін айтып, халықаралық қауымдастықты шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.

Президент өз сөзінде мына бастамаларды ұсынды:

  • 2026 жылды Орнықты даму мақсаттары жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау туралы БҰҰ шешімін қолдау;

  • 2026 жылы Астанада Өңірлік экологиялық саммит ұйымдастыру;

  • Қазақстанда басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының үлгісін тарату;

  • Әр елде экологиялық ағартушылықты арттыру.

Қорытындылай келе, Тоқаев халықаралық қауымдастықты 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні ретінде мойындауға шақырып, осы бағытта БҰҰ қарары қабылдануын ұсынды.

Back to top button