Әлеумет және қоғам

Тоқаев ғалымдарды жаңа мақсаттарға ұмтылуға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы кездесуде ғылым өкілдерін жеткен жетістіктермен шектелмей, жаһандық бәсекеде алға шығу үшін белсенді еңбек етуге үндеді. Президент елдің болашағы ғылым мен білімнің дамуына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ғалымдарды қол жеткізген жетістіктермен шектелмей, жаһандық бәсеке күшейген жағдайда жаңа мақсаттарға ұмтылып, жұмысты күшейтуге шақырды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Алматыда ғылым өкілдерімен өткен кездесуде мемлекет басшысы бар нәтижеге тоқмейілсіп, тек көрсеткіштермен мақтанудың орнына, алға қарай дамуға күш салу керектігін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі кезеңде әрдайым алдыңғы қатарда болу үшін қоғам бірігіп әрекет етуі тиіс.

Президент сондай-ақ елдің дамуы ғылым, технология, кәсіпкерлік және білімді азаматтардың белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтты. Ғалымдармен қатар студенттер де ортақ мақсатқа үлес қосуы қажет екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы адам капиталының сапасын арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталып, Қазақстанның болашағы ғылыми жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижесіне тәуелді екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Тоқаев елдің келешекте әділетті, қуатты мемлекетке айналуы керектігін айтып, заң мен тәртіп, білім мен ғылым басты құндылыққа айналуы тиіс екенін жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button