Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, қазақстандықтарды көктемнің көрікті мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qandsdtar.kz. Бұл туралы 2026 жылғы 6 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, бұл мейрам мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың символы болып табылады. Ол әйел адамның қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, әйелді тіршіліктің тірегі әрі берекенің бастауы деп атады. Мемлекет басшысы Ақордада жиналған әйелдерге және елдегі барлық әйел қауымына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, президент қазақ халқы ежелден ананы құрметтеп, қыз баланы қадірлегенін айтты. Оның сөзінше, халқымыз көптеген киелі ұғымдарға “Ана” сөзін қосып, “Отан Ана”, “Жер Ана”, “Ана тілі” деп атап келген.
Мемлекет басшысы ата-бабалардан қалған “Атадан – өсиет, анадан – қасиет” деген нақылдың мәні зор екенін атап өтті. Ол қазіргі күрделі кезеңде де бұл дәстүр жалғасуы тиіс екенін айтып, ұлттың болмысы, тілі мен салт-дәстүрі ұрпаққа ананың тәрбиесі арқылы берілетінін жеткізді.

