Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, президентке тікелей бағынатын әрі оған есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қауіпсіздік кеңесі аппараты құрылады.
Жаңа құрылымның негізгі мақсаты – елдің қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.
Жарлықта Қауіпсіздік кеңесі аппараты президенттің өкілеттіктерін жүзеге асыруға, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің жұмысын ұйымдастырып, оның қызметін қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқаратыны көрсетілген.


