Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Тоқаев Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын қалыптастыру үшін бірқатар рәсім өткізу қажет екенін айтты. Алғашқы кезекте Құрылтайдың басшылық құрамы сайланып, оның құрылымы жасақталуы тиіс.

Президент Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай төрағалығына кандидатты өзі ұсынатынын атап өтті.

«Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Айбек Дәдебай мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жылдар қызмет еткен, тәжірибесі мол маман. Тоқаев оның білімді, отаншыл әрі адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдегенін атап өтті.

Президент Құрылтай депутаттарын Айбек Дәдебайдың кандидатурасын қолдауға шақырды.

Back to top button