Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Тоқаев: Қыркүйекте Қазақстанда Халық Кеңесі жасақталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай сессиясында қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі құрылатынын мәлімдеді. Жаңа орган заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай сессиясында қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақорда порталына сілтеп хабарлады.

Мемлекет басшысының айтуынша, Халық Кеңесі Қазақстан тарихындағы алғашқы жоғары консультативтік орган болмақ. Жаңа құрылым елдің этникалық, аймақтық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстырады.

Президент Халық Кеңесіне заңнамалық бастама көтеру құқығы берілетінін атап өтті. Оның пікірінше, бұл – өзіне тән ерекшелігі бар бірегей институт.

«Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы отаншылдық пен елге адал қызмет етудің маңызына тоқталды. Оның айтуынша, ұлт мүддесі әрдайым жоғары тұруы керек.

«Әділетті, Күшті Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Ел аманатына адал болу – парыз», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына жұмыстарына табыс тілеп, олардың ел дамуына бағытталған міндеттерді табанды атқаратынына сенім білдірді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button