Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Тоқаев Қытайдағы жойқын селге байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданындағы табиғи апат салдарынан адам өліміне байланысты Қытай төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Президент қаза болғандардың жақындарына қолдау білдіріп, хабар-ошарсыз кеткендердің аман-есен табылуына тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Сицзан автономды ауданында болған жойқын сел салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Президент қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ табиғи апат кезінде хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына үміт білдірді.

Айта кетейік, 26 тамызда Непал мен Қытай шекарасына жақын аумақта жойқын су тасқыны болған. Табиғи апатқа Гималайдағы мұздықтың опырылып құлауы себеп болған. Апат салдарынан 160-тан астам адам қаза тауып, бірқатар адам хабар-ошарсыз кеткен.

Жоғалғандар арасында Қазақстан азаматының да бары хабарланған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button