Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында мемлекет басшысы Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.



