Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан президентінің бортын Пәкістан аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

«Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты», — делінген мәлімдемеде.

Қасым-Жомарт Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістанда мемлекеттік сапармен болады.

Сапар аясында мемлекет басшысы премьер-министр Шахбаз Шариф және президент Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button