Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Тоқаев пен Путин ШЫҰ саммитінде не туралы сөйлесті

Қытайда өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин кездесті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс, инвестиция және стратегиялық әріптестік мәселелері сөз болды.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады. Ресей президентінің пікірінше, сайлау нәтижесі Қазақстандағы саяси тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытуға бағытталған бастамаларға халықтың қолдауын көрсеткен.

Өз кезегінде Тоқаев Ресей басшысына құттықтауы үшін алғыс айтып, Қазақстандағы конституциялық реформа барысына тоқталды.

«Қазақстанды жаңғырту үдерісі ұлттық мүддемізге сай жалғаса береді. Аты бар, заты жоқ реформалар жүргізуге мүлдем болмайды. Ең алдымен, халқымыздың келешегін ойлауымыз қажет», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттықтың өсіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Ресей Қазақстанның негізгі инвестициялық және сауда серіктестерінің бірі болып қала береді.

Тоқаев сондай-ақ Путиннің мамыр айындағы Қазақстанға мемлекеттік сапарын «тарихи» деп бағалап, сол кезде жасалған келісімдерді жүзеге асыру жұмыстары басталғанын айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button