Жаңалықтар

Тоқаев рақымшылық жөніндегі комиссияның құрамын өзгертті

Мемлекет басшысының жарлығымен азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді.

Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

Жанна Асанова Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша),

Индира Әубәкірова заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша) енгізілді.

Аталған комиссияның құрамынан И. Лукин, Е. Қаудыров шығарылды.

Құжат өз күшіне енді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close