
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Мемлекет басшысы жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырған Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына алғыс айтты. Сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстанның тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.
Тоқаевтың айтуынша, ширек ғасыр ішінде ШЫҰ «Шанхай бестігінен» Еуразияның үлкен бөлігін қамтитын, әлем халқының жартысына жуығын біріктіретін ықпалды халықаралық ұйымға айналған.
Президент қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайға да тоқталды. Оның сөзінше, бүгінде мемлекеттер арасындағы бөліну күшейіп, геосаяси бәсекелестік артып келеді. Ал өзара сенімнің әлсіреуі халықаралық институттардың тиімділігіне әсер етуі мүмкін.
«ШЫҰ әскери-саяси блок логикасынан тыс әрекет етеді әрі оның қызметі қандай да бір мемлекетке қарсы бағытталмаған», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ұйымның негізгі тірегі «Шанхай рухы» екенін атап өтті. Оның пікірінше, басты мақсат – мүше мемлекеттердің ортақ бастамалары арқылы қуатты әрі өркендеген ШЫҰ қоғамдастығын қалыптастыру.



