Әлем жаңалықтары
Тоқаев ШЫҰ саммитінің қабылдау рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығына барды, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань күтіп алды.
ШЫҰ саммитіне қатысушы мемлекеттердің делегация басшылары бірге суретке түсті.