Жаңалықтар

«44 адам көз жұмды»: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты ҚХР төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Күні кеше Гонконг қаласында көпқабатты тұрғын үйде алапат өрт шыққан болатын.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 44 адам көз жұмып, 279-ы әлі табылмады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button