Саясат

Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Иордания короліне хат жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, иордан халқына қолдау білдірді және халықаралық қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы дерекке сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.

Осы жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, қазіргі күрделі кезеңде бауырлас иордан халқына қолдау білдіретінін жеткізді.

Президент ахуалдың одан әрі шиеленісуіне әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.

Back to top button