Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Тоқаев Түрікменстанға барды

Мемлекет басшысы халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов келіссөз жүргізді.

«Түрікменстан басшылығының осы маңызды іс-шараға шақыруын ерекше ықыласпен қабыл алдым. Талқыға түсетін мәселелер қазіргідей алмағайып, бұлыңғыр жағдайда әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы аясында өте өзекті деп ойлаймын. Аталған форум табысты өтетініне сенімдімін. Бұл басқосу Түрікменстанның жаһандық ауқымдағы ахуалды тұрақтандыруға, сондай-ақ Орталық Азиядағы достық пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасты нығайтуға қосқан тағы бір елеулі үлесі болмақ»,  — деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарына оң баға берді.

Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына орайластырылған форумға қатысуға келгені үшін Қазақстан президентіне ризашылығын білдірді.

«Өзара қарым-қатынас туралы сөз қозғағанда, Түрікменстан Президентінің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын айтпай кетуге болмайды. Сапар жоғары деңгейде өтті. Экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Екі ел ықпалдастығын дамытуға елеулі үлес қосқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Сондай-ақ барша бауырлас қазақ халқына ізгі тілегімді жолдаймын», — деді Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button