Президент ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйледі, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Әкімдер тұрғындарға сайлау алдындағы бағдарламасының орындалуы туралы жиі есеп беріп тұруға тиіс. Мұны заңмен бекіту керек», — дейді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, уәдесін орындамайтын, міндетін дұрыс атқармайтын ауыл басшысын қызметінен босату тетіктері қарастырылуы қажет.
Ондай әкімдер халықтың талабымен немесе саяси партиялардың ұсынысымен жұмыстан шығарылуға тиіс.
Айта кетері, бүгін Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр.
Бүкіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды.
Олардың орташа жасы – 43 жас.
Жаңадан сайланған әкімдердің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар.



