Жаңалықтар

«Тоқаевты қорқыту»: саясаткер Путин мен Назарбаевтың кездесуіне қатысты пікір білдірді (видео)

Белгілі қоғам қайраткері, экономист Уәлихан Қайсаров Мәскеуде өткен Ресей президенті В.Путин мен Қазақстанның бұрынғы мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың кездесуі туралы ойын айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Саясаткер «Qasqa Jol» youtube-арнасына берген сұбатында аталған оқиғаның саяси астары бар деген. Яғни, кездесу Путиннің Қазақстанға көрсеткен саяси ишарасы болуы мүмкін.

«Менің пікірімше, Назарбаевты Ресейге шақырған Путиннің өзі. Назарбаев мұны пайдалана отырып жеке басқа қатысты мәселерін көтерген болар, ол жағы белгісіз. Ал Путиннің Назарбаевты шақырудағы себебі анық. Қазір Тоқаевтың саясаты Ресейден сәл алшақтау, Қытаймен қарым-қатынасты сәл жақындадып жатыр. Түркия, Орталық Азия елдерімен қатынас артуда. Оған қоса Қазақстан Ресейге қатысты екінші деңгейлі санкцияларға ілікпеу үшін халықаралық санкцияларға шетінен қосылмашы. Мысалы, қазір отандық банктердің көбі Ресейден қаржы қабылдамайды және кері жібермейді. Нәтижесінде,  Қазақстандағы Ресейдің ықпалы сәл әлсіреп қалды.

Сондықтан Путиннің бұл саясаты – Тоқаевты сәл қорқыту, саяси белгі. Осы арқылы Путин Тоқаевқа «егер бұл саясаттан қайтпайтын болсаң, Ресейге жақындамайтын болсаң, назарбаевшылдарды қозғаймын» деген ойы. Демек, Путин мен Назарбаев кездесуінің ең басты мақсаты осы», – деді Уәлихан Қайсаров.

Сонымен қатар ол Путин қолдануы ықтимал Назарбаевтың қандай саяси және қаржылық күші бар екенін айтқан.

«Назарбаев қарапайым адам емес, ол – мемлекеттік құпияларды тасушы адам. Тіпті қай мемлекетте қандай тыңшылардың барын, аты-жөніне дейін біледі. Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатында қандай құпиялар хабардар. Тоқаев пен оның айналасындағы, Үкіметтегі адамдар туралы компромат аз емес.

Назарбаевта жүйені ауыстыру үшін қаржы, БАҚ бар. Және қазір 90 пайыздай жоғары лауазымды азаматтарды кезінде өзі қызметке қойған. Осыны есепке алсақ, Назарбаевтың атқара алатын қызметі әлі аз емес. Сондықтан бұл кездесу – Путинның Тоқаевқа жұдырық көрсетуі. Яғни, Тоқаевқа қарсы қоя алатын адамның әлі әлді жарияланатын құжаттар жетерлік деген ишара» – деді ол.

Сөз соңында саясаткер Назарбаевтың сыртқа шығуы Тоқаевтың абырой-беделін түсіреді деген ой айтқан. Оның сөзінше, елдегі заңнамаға сәйкес мемлекеттік құпияларды білетін азамат мемлекеттік қызметтен кеткен күннің өзін де 5 жыл бойы шетелге шығуы үшін арнайы рұқсат алуы шарт.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close