
Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Желдібай президенттің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Оның орнына Айбек Смадияров келді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген мәлімдемеде.
Айбек Смадияров бұған дейін президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.



