Жаңалықтар

Тоқаевтың ұшағы Ресей аумағында онлайн картадан неге көрінбей қалды?

Журналист Манас Қайыртайұлы  Қазақстан президентіне тиесілі деп саналатын ұшақ  Қостанай өңірінің үстімен өтіп, Ресей аумағына қарай бағыт алғанда болған жайтты жазды. Бұл туралы Qandastar.kz порталы журналистің facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Онлайн әуе қозғалысын бақылау сервистерінде ұшақтың транспондері белгілі бір уақыттан кейін сигнал бермей, локациясы бір нүктеде тоқтап қалғаны байқалады», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Давоста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ-тың  президенті Дональд Трамптың кездесуі жоспарланған.

«UPD: Жаңа Тоқаев ұшағы Давостан 300 шақырым жердегі Штуггарт әуежайына қоныпты. Давостың әуежайы кішкентай, үлкен ұшақ қабылдамайды. Көп жағдайда ұшақтар Цюрихке қонады», — деді журналист.

Сонымен қатар, ашық дереккөздерде Трамп мінген ұшақта түнде техникалық ақау шығып, кейін басқа әуе кемесіне ауысқаны жөнінде ақпарат тараған. Аталған мәліметтерге қатысты тараптар әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button