Жаңалықтар

Тоқал дауына іліккен депутат елден сүйінші сұрады

Келер жылдан бастап азот тотығы («күлкі тудыратын шариктер») заң жүзінде толық бақылауға алынады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Мәжіліс депутаты Тимур Қырықбаев жаңа нормалар жастардың денсаулығын қорғау және заңсыз айналымды тоқтату мақсатында енгізіліп отқанын айтты.

«Сүйінші! Азот тотығын заңсыз сақтау, сату және тарату енді әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке ауысады. Түнгі клубтар, барлар және ойын-сауық орындарында жоспарлы рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі. Ең бастысы, жастар уланудан және денсаулыққа қауіпті заттың теріс әсерінен сенімді түрде қорғалмақ», — деді депутат Facebook желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін  Қырықбаевтың басы дауға қалды. Оны жұрт Түркістан облыстық мәслихатындағы мандатты өз «тоқалына» берді деп және некесіз баласын жасырып жүр деп айыптаған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button