Жаңалықтар
«Тоқал емеспін»: Блогер Салтанат өзі туралы тараған қауесеттерге жауап берді

Блогер Салтанат әлеуметтік желіде тараған алыпқашпа әңгімелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Qandastar.kz
Ол өзінің ешкімнің «тоқалы» емес екенін ашық айтты.
«Аузы аузына жұқпай, бәрінің артынан аңдып, өз байын, енесін, баласын жөнге сала алмай отырған өсекші қатындарға мен бұрыннан айтып келемін. Мен де, ол да ажырасқанбыз. Мұны ертерек ашық айтқанмын. Тағдырымыз ұқсас. Ажырасқан адам екінші рет отбасылы болуға құқылы емес пе? Қазақстанда ажырасып жатқандар жалғыз біз ғана ма? Жұрт өз өмірін реттемей, өзгенікін түгендеп кететіні жаман», — деді блогер.
Сондай-ақ ол желідегі қауесеттерге нүкте қойып, «тоқал» емес екенін тағы бір мәрте қадап айтты.