Мәдениет

Төреғали Төреәліні 25 мың халық он сағат бойы тік тұрып күткен

Фото: instagram.com/toregalitoreali/

Танымал әнші Төреғали Төреәліні 25 мың адам концерт алаңында он сағат бойы тік тұрып күткен екен, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Төреғали Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуаттағы концерттегі қызықтармен бөлісейін», – деген ол өзі көлікте отырып түсірген терезедкн қолын ұстауға тырысқан фанат балалардың видеосын жариялады.

«Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын», – деген әнші сахнада түсірген видеоларымен де бөлісті.

«Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс», – деген тыңдарманының пікірін де желіде жариялады әнші.

Ақсуат халқы расымен Төрешті сүйіп тыңдап, ұзақ күткен сияқты.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close