Жаңалықтар

Төрт аяқты адамдар қатары көбейіп барады: Депутат ата-аналарға үндеу жасады

сурет: ашық дереккөзден

Қазір жасөспірімдер арасында квадровер аталатын жаңа тренд пайда болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік парақшасында жастар арасында теріс әрекеттерге тәуелділік белең алып бара жатқанын айтып дабыл қақты. Ол мысық, түлкі, сілеусін боп киініп, көгалдарда төрт аяқтап секіріп, кейде өтіп бара жатқандарды тістеуі де мүмкін екенін айтты.

– Ата-аналарға үндеу. Ай өткен сайын төрт аяқты адамдар қатары көбейіп барады. Иә, олар мысыққа, итке, қасқыр, сілеусінге еліктеп солардың күйін кешуде (мяулайды, үреді, ұлиды).

Тіпті, тамағын жейді. Шетелдерде төрт аяқты хайуанға еліктегендердің адамдарды тістеген, тырнаған әрекеттері тіркелген. Осылайша, адамдар адамшылыққа емес нағыз айуандыққа қадам басып жатыр. Бұл бір жұқпалы аурудай. Әсіресе, жасөспірімдер бір-бірінен көріп еліктеуде. Ата-аналарға дабыл қағып жатқаным да осыдан. Бұл субмәдениет. Бұның артында өзге күштердің үлкен бизнесі тұр. Сақ болыңыздар. Квадроберлердің әрекетін біздің органдар мұқият зерттеу керек. Керек десеңіздер, біз тараптан (Парламент) арнайы заң шығаруға да дайынбыз, – деді депутат.

Жаңа трендке ілескендердің арасында қазақстандықтар да жоқ емес. Квадроберлер Қазақстанда да бар. Айта кету керек, квадробика – аэробика элементтері араласқан бейресми спорт. Аталған спорт жайында алғаш рет 2008 жылы айтыла бастады. Одан кейін жапондық спринтер Кеничи Ито төрт аяқтап жүз метрді 18,58 секундта жүгіріп өтіп, рекорд орнатты. 2022 жылы америкалық Колин Маклюр қашықтықты одан да жылдам жүгіріп өтті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close