Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ерлан Нұрпейісов Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды qandastar.kz

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

Ерлан Нұрпейісов 2023 жылдың қыркүйек айында Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалған еді. Ол қысқа мерзім ішінде мемлекеттік қызметте маңызды міндеттерді атқарып, төтенше жағдайлар саласындағы мәселелерді шешуге өз үлесін қосты.

Ерлан Сәдкенұлы Нұрпейісов 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы техникалық институтын бітірген.

Мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, әртүрлі жауапты лауазымдарды атқарды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close