Әлем жаңалықтары
Трамп “Азаттық радиосына” қаржы бермейді

Фото:
Президент Трамп жеті федералдық агенттікте жаппай қысқарту жүргізуді бұйырды, деп хабарлайды qandastar.kz
Дональд Трамп жеті федералдық агенттікте ауқымды қысқартулар жүргізуді тапсырды.
Олардың қатарында «Америка дауысы» мен «Азаттық радиосын» бақылайтын АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігі (USAGM) бар.
«Америка дауысы» медиасының директоры Майкл Абрамовицтің айтуынша, 1300 қызметкердің басым бөлігі әкімшілік демалысқа жіберілген. Бұл шамамен 50 тілде хабар тарататын және аптасына 361 миллионнан астам аудиторияны қамтитын медианың жұмысын тоқтатуға мәжбүр еткен.
«Мен терең күйзеліске түстім. 83 жылдық тарихында алғаш рет аңызға айналған “Америка дауысы” үнсіз қалуға мәжбүр», — деп жазды Абрамовиц LinkedIn-де. Ол «Америка дауысы» медиасының әлемдегі бостандық пен демократия үшін күрестегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.