Жаңалықтар

Трамп: Джордж Соросқа қарсы тергеу басталады

Фото: balk/hu.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп оның командасы қаржыгер Джордж Сорос пен оның отбасына қатысты ауқымды тергеу ашуды қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz

Трамптың айтуынша, сөз бүкіл ел бойынша жаппай наразылықтарды қаржыландыру туралы болып отыр.

«Олар өздерінің «кәсібі» үшін Соростан және басқа адамдардан ақша алады. Біз мұны өте мұқият зерттеп жатырмыз», – деді Трамп.

Бұған дейін Трамп Соросқа қатысты бірнеше рет қатты пікір білдірген еді.

Dalanews.kzжазғандай, ол Соросты және оның ұлы Алексаны зорлық-зомбылық сипатындағы наразылықтарды қолдады, хаос тудырды және америкалық бірегейлікті жоюға талпынды деп айыптады. Оның пікірінше, миллиардерлерді RICO заңына (рэкет пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес туралы заң) сәйкес жауапкершілікке тарту қажет.

«Джордж Сорос пен оның радикалды солшыл ұлы бүкіл АҚШ аумағында зорлық-зомбылықты наразылықтарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қолдағаны үшін RICO заңына сәйкес айыпталуы тиіс.

Біз бұл ақымақ адамдардың Американы одан әрі бөлшектеуіне жол бермейміз. Сорос пен оның психопаттар тобы елімізге орасан зор зиян келтірді!», – деп атап өтті Дональд Трамп.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close