Жаңалықтар

Трамп Гренландия, Венесуэла және Канаданы АҚШ – тың туының астында көрсетті

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне тиесілі Truth Social әлеуметтік желісінде Гренландия, Венесуэла және Канада аумақтары АҚШ туының түстерімен белгіленген жаңа суреттерді жариялады, деп жазады qandastar.kz.

Әлеуметтік желідегі жазбалардың алғашқысы ретінде жарияланған суретте Дональд Трамп Ақ үйдегі жұмыс кабинетінде Еуропа елдерінің басшыларымен әңгімелесіп отырған сәті көрсетілген. Олардың жанында орналасқан картада Венесуэла, Гренландия және Канада аумақтары АҚШ туының түстерімен боялған.

Екінші суретте АҚШ президенті мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен вице-президент Джей Ди Вэнс-тің қасында тұрып, «Гренландия 2026 жылы АҚШ аумағына айналды» деген жазуы бар тақтайшаның жанына америкалық туды орнатып жатқан сәт бейнеленген.

Аталған жазбалар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылауға себеп болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button