Әлем жаңалықтары

Трамп Гренландияны АҚШ-қа қосса, бұл оның атын тарихта қалдырады – сарапшы

«Национальная оборона» журналының бас редакторы Игорь Коротченко @SputnikLive-қа берген сұхбатында Гренландияны АҚШ-қа қосу сценарийі іске асса, бұл Америка президенті Дональд Трамптың атын тарихта мәңгі қалдыратынын айтты, деп жазады qandastar.kz сайты sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшының пікірінше, Гренландияны қосу әрекетін Луизиананы сатып алумен салыстыру дұрыс емес.

Біз XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз, мұнда мүлде басқа ақиқат бар. Егер Трамп Гренландияны «жұтса», бұл әлемдік ауқымдағы таңғаларлық оқиға болар еді, – деді Игорь Коротченко.

Игорь Коротченконың айтуынша Гренландияны қосу әрекеті АҚШ пен Қытай арасындағы жаһандық бәсеке ретінде қарастырылуы керек.

АҚШ бірінші нөмірлі экономикалық держава мәртебесінен айырылып жатыр, сондықтан Трамптың барлық бастамасын жаһандық бәсеке тұрғысынан бағалау қажет, – деп түйіндеді сарапшы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button