Daily Mail басылымының жазуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия тұрғындарына аралдың АҚШ құрамына қосылуын қолдаған жағдайда қаржылай ұсыныс жасауды ойластырып жатыр, деп жазады qandastar.kz.
Басылым мәліметінше, Трамп әрбір гренландиялыққа бір миллион доллар төлеу мүмкіндігін қарастырып отырған көрінеді. Қазіргі таңда Гренландия халқы шамамен 57 мың адамды құрайды.
Алайда бұл ақпараттың ресми растамасы жоқ. Дональд Трамп мұндай ұсыныс туралы ашық түрде мәлімдеме жасаған емес.



