Әлем жаңалықтары

Трамп Иранда жаңа көшбасшы болуы керек екенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығында өзгеріс болуы мүмкін екенін мәлімдеп, Вашингтонда бұл қызметке лайық бірнеше үміткер бар екенін айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығында өзгеріс болғанын қолдайтынын және Вашингтонда бұл қызметке лайық бірнеше үміткер бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastr.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеп.

Трамп бұл туралы NBC News арнасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, АҚШ Иранда елді тиімді басқара алатын жаңа көшбасшының болғанын қалайды.

«Біз жағдайды реттеп, бәрін тәртіпке келтіргіміз келеді. Иранда жақсы басшы болғанын қалаймыз. Бізде бұл міндетті атқара алатын бірнеше адам бар», – деді АҚШ президенті. Алайда ол нақты кімдер туралы айтып отырғанын ашып айтпады.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған болатын. Тель-Авив бұл әрекет Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу мақсатында жүргізілгенін мәлімдеді. Ал Дональд Трамп Иранның әскери флоты мен қорғаныс өнеркәсібіне соққы беруге ниетті екенін айтқан.

Кейін Иранның жоғары көшбасшысы Әли Хаменеи қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұған жауап ретінде Тегеран Израиль аумағына және Таяу Шығыста орналасқан АҚШ әскери базаларына шабуыл жасады.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғары көшбасшысы болып тағайындалуы мүмкін екені жөнінде мәліметтер пайда болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button