Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Трамп Иранмен жұмыс істейтін елдерге 25% кедендік баж салығын енгізді

АҚШ президенті Дональд Трамп наразылықтарды күшпен басып жатқан Иран үкіметіне қысым жасау мақсатында осындай шешім қабылдап отыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Аtamekenbusiness Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бұдан былай Иран Ислам Республикасымен экономикалық байланыс орнатқан кез келген мемлекет АҚШ-пен жасайтын барлық сауда операцияларына 25% баж салығын төлейтін болады. Бұл шешім түпкілікті және қайта қарауға жатпайды», — деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Bloomberg дерегінше, Иранның басты сауда әріптестеріне Қытай, Үндістан және Түркия жатады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button