Әлем жаңалықтары
Трамп Канадаға салықты 50-ға дейін көтерді

Фото: ашық дереккөз
Трамп Канададан келетін болат пен алюминийге баж салығын 50%-ға дейін көтерді, деп жазды qandastar.kz
АҚШ президенті Дональд Трамп Канаданың болат және алюминий өнімдеріне салынатын баж салығын екі есеге көтеретінін мәлімдеді. Бұл шешім канадалық Онтарио провинциясының АҚШ-тың солтүстік штаттарына энергия жеткізу бағасын арттырғаннан кейін қабылданды.
«Сауда министріне Канададан АҚШ-қа жеткізілетін болат пен алюминийге қосымша 25% баж салығын қосып, оны 50%-ға дейін көтеруді тапсырдым. Бұл шешім 12 наурызда күшіне енеді», — деді Дональд Трамп Truth Social желісінде.
Сондай-ақ АҚШ-қа импортталатын автомобильдерге де баж салығын көтеру жоспарланып отырғанын ескертті.