Жаңалықтар

Трамп немересімен гольф ойнаған видеода Скриптониттің әні ойнады

Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың немересімен гольф ойнап жүрген видеосы тарады, деп хабарлады qandastar.kz.

Ерекшелігі — бейнероликтің фонында қазақстандық орындаушы Скриптониттің “Не расслабляйся” атты трегі ойнап тұр.

Видеоны Трамптың 18 жастағы немересі Кай Мэдисон Трамп жариялаған. Ол — кәсіби гольфшы әрі танымал видеоблогер, YouTube-та алтын және күміс батырмалардың иегері.

Қай Трамптың жазбасы желіде тез тарап, пікір қалдырғандар қазақстандық әртіс Әділ Жәлеловтің шығармашылығына жоғары баға берді. Көптеген қолданушылар жас блогердің музыкалық талғамын мақтап, Скриптониттің әнінің әлемдік деңгейде танылып келе жатқанын атап өтті.

Back to top button