Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Трамп пен Путин сөйлесті: Ресей Донецк облысын талап етті

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, соғысты тоқтату мәселесін талқылады. Бұл туралы  qandastar.kz The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгіме барысында Владимир Путин Киевтің Донецк облысынан толықтай бас тартуын талап еткен. Оның айтуынша, бұл – қақтығысты тоқтату үшін негізгі шарт. Сонымен бірге Путин Ресей әлі толық бақылауға алмаған Запорожье мен Херсон облыстарынан бас тартуға дайын екенін де мәлімдеген. Осы ұсыныстан кейін Ақ үй келіссөздерде «кейбір ілгерілеу бар» деп баға бергенімен, Украина тарапынан бұл ұсыныс оң қабылданбауы мүмкін екені айтылды.

Шенеуніктердің сөзінше, Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф жұма күнгі кездесуде украин делегациясына Донецк облысын Ресейге беруді ұсынған. Оның айтуынша, бұл аймақтың халқы негізінен орыс тілінде сөйлейді.

Дегенмен, Трамп Путиннің бұл талаптарын көпшілікке ашық түсіндірмеген. Ал Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін ол: «Соғыс қай кезеңге жетсе, сол жерден тоқтауы керек», – деген пікір білдірді.


Трамп пен Зеленскийдің Вашингтондағы кездесуі қалай өтті?

2025 жылғы 17 қазанда Вашингтонда Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский жүздесті. Axios басылымының хабарлауынша, бұл кездесу оңай өтпеген, кей сәттерде эмоциялық сипат алған.

CNN мәліметінше, келіссөздер шиеленісті жағдайда өткен. Кездесу аяқталған соң Зеленский баспасөз мәслихатын Ақ үйдің сыртында – қоршау маңында өткізген. Ол 2,5 сағатқа созылған кездесудің мазмұнын журналистерге баяндады.

Сөзін украин тілінде бастап, артынша ағылшынға көшкен Зеленский: «Кешіріңіздер… АҚШ-та екенімді ұмытып кеттім», – деп әзілдей сөйледі. Ол сондай-ақ Трамптың «соғыс қай жерде тоқтап тұр, сол жерден тоқтатылуы тиіс» деген ұсынысымен келісетінін мәлімдеді.

Axios дереккөзіне сүйенсек, екі президенттің кездесуі ауыр өткен. «Дауыс көтерілген жоқ, бірақ Трамп өзін қатаң ұстады. Ол бірнеше өткір мәлімдеме жасап, кей сәттерде эмоцияға ерік берді», – делінген хабарламада.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button